USD477.45EUR527.1RUB5.24

Көлік инфрақұрылымы дамып келеді

23 тамыз 2023, 14:52
Қалбатау ауылында көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Көлік инфрақұрылымы дамып келеді

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жарма ауданының төрт елді мекенінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа орташа жөндеу жұмыстары іске асырылып отыр.
 
«Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар жолын қайта жаңғыртып жатқан «Синьсин» халықаралық құрылыс компаниясы әлеуметтік ынтымақтастық меморандумы аясында Қалбатау ауылындағы жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Абай және Қабанбай көшесіне асфальт төсеп жатыр.
 
Жол жөндеу жұмыстарына 9 жүк тасығыш көлік, 2 үлкен асфальт төсегіш, фрезерлеу техникасы жұмылдырылған.
 
Сондай-ақ, «Нұрлы жол-KZ» ЖШС мердігер ұйымы Қаражал және Бірлік ауылында аудандық маңызы бар 9,4 шақырым автомобиль жолына орташа  жөндеу жұмыстарын жасап жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

6 сағатқа жетпей
9 сағатқа жетпей
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar