
Сондай-ақ, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Көкентау ауылындағы Майтқанов көшесіндегі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы - "Семей жолдары" ЖШС.
Қазіргі уақытта инертті материалдарды тасымалдау, сондай-ақ жол төсемінің негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі шамамен осы жылдың қыркүйек айы.