
Осыған орай, 17 тамызда қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаевтың төрағалығымен Ономастикалық нысандардың тарихи дәстүрлі атауларын қалпына келтіру туралы ұсыныстарды зерделеу және қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Қазіргі таңда алдыңғы кезекте қаланың идеологиялық ескірген және мән-мағынасы жоқ көшелерін кезең-кезеңмен қайта атау міндеті қойылып отыр. Отырыстың күн тәртібінде 50-ге жуық осындай көшелерді қайта атау туралы ұсыныстар қаралды.
Жұмыс барысында қайта аталатын көшелерге есімі ел тарихында қалған, Семей өңірінің тарих, мәдениет, әдебиет, спорт және т.б. салаларына еңбегі сіңген тұлғалардың, Алаш қайраткерлерінің есімдерін беру, сондай-ақ, мән-мағынасы жоқ қысқа көшелерге бейтарап жер-су аттарын беру мәселесі талқыланды. Аталған есімдерді ұсыну кезінде Республикалық ономастикалық комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімі қатаң басшылыққа алынды.
Одан әрі осы ұсыныстар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында өтетін көпшілік тыңдауларда қаралып, облыстық ономастикалық комиссиясына жолданады. Соңғы шешім республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен шығарылады.