USD481.68EUR522.48RUB5

ТАЗА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ТАРТЫЛУДА

22 тамыз 2023, 15:34
Семей қаласына қарасты ауылдардың инфрақұрылымдық әлеуетін жақсартуға биыл қалалық бюджеттен былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп қаржы қарастырылды. Соның ішінде Ақбұлақ, Алғабас ауылында көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ең өзекті мәселе - таза ауыз су.
ТАЗА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ТАРТЫЛУДА

Қазіргі таңда Ақбұлақ ауылына су құбырларын жүргізу жұмыстарына Республикалық бюджет есебінен қаражат бөлініп, «СпецСтрой груп ЛТД» мердігер ұйымы жалпы ұзындығы 10 шақырым су құбырын тарту жұмыстарын жүзеге асыруда. Күз маусымында су құбырларын тарту жұмыстары толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріледі.

Сондай-ақ, дәл осындай жұмыстар Семей қаласынан ең шалғай қашықтықта орналасқан Алғабас ауылдық округінде де ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін СМУ «Шығыс» мердігер ұйымы 16 шақырым су құбырын тарту жұмыстарын бастады. Биыл құбыр желілері тартылып, 2024 жылы Алғабас ауылы таза сумен қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетейік, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Абыралы өңіріне барған жұмыс сапарында мердігерлермен кездесіп, жұмысты тиянақты орындауды тапсырған болатын. Қазіргі таңда таза ауыз су құбырларын тарту жұмыстары қала әкімінің тікелей бақылауында.

2023 жылы Семейге қарасты кенттер мен ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту үшін бюджет бір жарым есе ұлғайтылды. Су құбырын салудан басқа, басқа кенттерде сыртқы жарықтандыру орнатылады, Спорт және воркаут алаңдары абаттандырылады, әлеуметтік нысандар жөнделеді және т. б.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar