Қыс маусымында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың ауыл тұрғындарымен өткен кездесуінде ауыл халқының басым бөлігі талай жыл жөндеу көрмеген мектептердің жай-күйіне алаңдайтындықтарын жеткізген болатын. Кездесуден кейін қала әкімі білім бөлімінің жетекшісіне ауыл мектептеріне назар аударуды қатаң тапсырды.
Атап айтқанда, Ақбұлақ ауылының мектебінің шатыры толықтай ауыстырылды және Алғабас ауылының шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Озерки және Жиенәлі ауылдық округтеріндегі терезелер жаңартылды. Сондай-ақ, 5 мектептегі әжетханалар мен мектеп асханаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұлақ ауылындағы орта білім беретін мектептің қасбеті күрделі жөндеуден өтті.
“Биыл ауыл мектептерінде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа оқу жылының басталғанына санаулы күндер қалды. Ауылдағы барлық мектептер жаңа оқу жылына дайын деп айтуға болады. Кейбір мектептердің сыртқы жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін жүргізіледі”,- деді білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.
04 қазан 2024, 11:23
04 қазан 2024, 11:20
04 қазан 2024, 09:18
03 қазан 2024, 10:54
03 қазан 2024, 10:50
02 қазан 2024, 16:00
02 қазан 2024, 14:18
30 қыркүйек 2024, 11:55
30 қыркүйек 2024, 11:52
30 қыркүйек 2024, 11:49
27 қыркүйек 2024, 10:07
27 қыркүйек 2024, 09:07
27 қыркүйек 2024, 09:03
26 қыркүйек 2024, 10:49
26 қыркүйек 2024, 09:35
26 қыркүйек 2024, 09:31
26 қыркүйек 2024, 09:28