
Соның ішінде ауылдық елді мекендерге апаратын жолдарды жөндеу жұмыстары да бар. Биыл Семей қаласына қарасты 5 ауылдың кірме жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айының соңында Жарқын ауылының жолына 8,3 км асфальттау жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі таңда, Верхнее-Березовский, Қыземшек ауылдарының жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Көкентау ауылындағы Майтқанов көшесіндегі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы - "Семей жолдары" ЖШС.
Қазіргі уақытта инертті материалдарды тасымалдау, сондай-ақ жол төсемінің негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі шамамен ағымдағы жылдың қыркүйек айы.