USD474.83EUR515.38RUB5.5

ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17 тамыз 2023, 17:04
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен және «Теплокоммунэнерго» МКК-мен бірлесіп жылыту маусымына дайындық мақсатында қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар объектілерді аралады. Жылыту маусымына дайындық шаралаары қала әкімінің қатаң бақылауында. Бүгінде қаладағы жылу құбырларының тозу деңгейі 68 %-ды құрайды. Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Семей қаласындағы ең өзекті проблемалардың бірі - жылу жүйелерінің тозуы. Ағымдағы жылы біз 45 шақырым жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. 9 участокта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда», - деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жылу құбырларында апаттық жағдайлар орын алған болатын. Жоспар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттар 15 пайызға азаяды.

«Қазіргі кезде 60 пайыздан астам жұмыс аяқталды. Материалдардың барлығы келді, әкімшілік жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын өз бақылауында ұстауда. Қаражат республикалық және резервтік бюджеттен бөлінді. Қазіргі таңда ең үлкен магистральдық трассаны айырбастауда. Өткен жылы бізде жылу жүйелеріне қатысты үлкен мәселелер болған болатын. 300-ден астам жарылу орын алып, ол жылуға үлкен кері әсерін тигізді. Биылғы жылы орын алған мәселелерді болдырмау мақсатында жұмысты күшейтеміз», - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі қазандықта да жұмыстың 80% аяқталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar