USD477.45EUR527.1RUB5.24

Қараусыз жайылып жүрген мал үшін иелері жазаланады

16 тамыз 2023, 16:18
Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі мамандары мен жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп қала ішінде жайылып жүрген мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған болатын. Сондай-ақ, иесіз малдарды қамайтын алаңдар мен жылқыларды тиейтін арнайы көліктер дайындалды.
Қараусыз жайылып жүрген мал үшін иелері жазаланады


"Жыл басынан бері қаланың орталық бөлігінде қараусыз мал бойынша
8 ақпарат келіп түсті, оның ішінде 408-бап бойынша 6 хаттама, КРКобАП, АП туралы ҒЗК-нің 147-бабы бойынша 2 хаттама толтырылды. Полицейлер барлық мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді. Үй жануарларын сәйкестендіру, сырғалау және таңбалау жүзеге асырылып, олардың арнайы орындарда жайылуын қамтамасыз етуі тиіс. ”,- деді жергілікті полиция бөлімінің бастығы Елдос Оразалин. 

Құрметті семейліктер, мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар, сіздерден сиыр мен жылқыларды мәдени-демалыс орындарында (әсіресе туристер қызығушылық танытатын “Бейбітшілік аралы” ауданында) қараусыз жібермей, оларды арнайы немесе белгіленген аймақтарда жаюды сұраймыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
8 сағатқа жетпей
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar