USD474.83EUR515.38RUB5.5

МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ-АҚШАНЫҢ СОРЫ

16 тамыз 2023, 15:49
Дәл қазіргі уақытта мектепке дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы да басталады. Маусым мен шілдеде алаңсыз жүрген ойын баласы тамызда мектебін еске ала бастайды. Ал білім ордасының табалдырығын алғаш аттайын деп тұрғандар үшін бұл - өмір жолындағы маңызды қадам. Ата-аналар болса осы айда баласын оқуға дайындау қамына кіріседі. Семейлік ата-аналардың қалтасына қанша салмақ салынатынын анықтап көрдік. Оның ішінде не бар дейсіз ғой?Былтыр осы тақырыпта бір емес, бірнеше рет қалам тартып көсіле қаузаған едік. Журналисттік барлау емес, ата-ана ретінде тауарлардың бағасын біліп қайтқан едім. Нәтижесінде, былтырғыға қарағанда биыл әжептәуір қымбат екен.
МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ-АҚШАНЫҢ СОРЫ

Бірінші киім-кешектен бастайық. Әр тауардың арзаны да, қымбаты да кездеседі. Біз орта бағасын алып отырмыз. Бірінші сыныпқа баратын ұл балаға: Костюм-шалбар – 20000 теңге; жейде құны – 3000 теңге;  галстук – 500 теңге; күртеше – 7000 теңге; туфли – 5500 теңге; мұғалімге гүл – 8000 теңге;футболка – 2200 теңге; спорттық киім – 8900 теңге; спорттық аяқ-киім – 5500 теңге. Бар болғаны бірер заттың өзі   қалтаңыздың түбін көрсетеді. Сатушылардың көңілін тауып, түсірдім деген күннің өзінде 60600 теңгенізді осы аталған дүниелерге жұмсайсыз.Оның өзі өлдім-талдым, міне арзанын таптым дегендегі баға мөлшері.

Ұлды түгендеп болсақ,бірінші сыныпқа баратын қыз балаға жұмсалатын қаржының көлемін өлшейік.Пиджак пен белдемше асты-үстімен 15 200 теңге;көйлек – 3200 теңге;сарафан – 12 300 теңге;туфли – 7000 теңге;бантик – 1000 теңге; футболка – 2500 теңге;спорттық киім – 12000 теңге;спорттық аяқ киім – 5500 теңге;ақ колготки 2500 теңге; мұғалімге гүл – 8000 теңге.Жиынтық сома – 69 200 теңгенің  үстін көрсетіп тұр.Бұл тек атап айтқандағыдай, бар болғаны күнделікті киетін киімнің бағасы. Одан бөлек оқу құралдарын түгендейтініміз тағы бар.

Кеңсе тауарлары: сөмке – 10 000 теңге; қаламсап – 60 теңге;қарындаш – 50 теңге; өшіргіш – 75 теңге ; жұмсақ пенал – 900 теңге; ұштағыш – 75 теңге; сызғыш – 85 теңге; тор көзді дәптер – 30 теңге. Он данасын алсаңыз – 300 теңге; қисық жол дәптер – 30 теңге. Он данасын алсаңыз – 300 теңге; кітапқа арналған қаптағыш – 120 теңге. Он данасын алсаңыз – 1200 теңге; мұқабасы қатты күнделік – 800 теңге;дәптерге арналған қаптағыш – 110 теңге. Он данасын алсаңыз – 1100 теңге; акварель бояулар – (12 түс) – 515 теңге; қылқалам жиынтығы – 800 теңге;түрлі-түсті қарындаш (12 түс) – 795 теңге; сурет салуға арналған альбом (16 бет) – 450 теңге; фломастер (12 түс) – 895 теңге; қайшы – 250 теңге;желім – 250 теңге; түрлі-түсті қағаз (8 түс) – 380 теңге; ермексаз (8 түс) – 730 теңге. Жиынтығы: 20 010 теңгеге жуықтайды. Ол аз десеңіз, оқу сауаттылығы мен математика, дүние тану тағысын тағы пәндік дәптерлерді  2500 теңгеден  есептей беріңіз. Бауырыма керек дүниелерді ұстазының жіберіп қойған тізімінен қарасам, 5 пәндік дәптер керек екен. Оның  өзіне 12500 теңге кетеді.

Демек, ұлын бірінші сыныпқа беретін ата-ана 93 610 теңге жұмсаса, қыз баласы барлар 102 210 теңге шығындайды. Бұл әрине орташа есеппен алғанда. Әйтпесе, мүмкіндігі барлар қымбатын таңдап, бұдан да көп шығындай алады, ал қаржы жағынан қиналғандар ең арзандарын алып, аз-маз үнемдеуіне болады.Оқу жылы басталмай жатып, таныстарымнан қытайдың тауарларын сататын сайт - пиндоштан алып жатырмыз дегенді естіп едім.Келген тауарларын қарасам, бірі бар да, бірі жоқ. Тауардың түр-сұқыты да көңіліме қонбады. Бұрын  пайдаланған  дүниедей  екенін көріп,   қымбат болса да көзбен көріп алғанға не жетсін деп қалдым.Әрине, кімнің не қалап таңдайтыны әркімнің өз еркінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar