
Шара барысында кітапхана қызметкері А. Бейсембековтің өмірбаянына тоқталып, әншінің дауысы толық диапазонды лирикалық тенор, репертуары әр жанрлы, кең ауқымды екенін, ол қазақ, орыс, украин халық әндері мен әлемдік классиктер: Глюк, Гайдн, Шуберт, Верди, Бизе, Чайковский, Глинки, Римский-Корсаков, Рахманинов т.б. композиторлардың шығармаларын, Қазақстан композиторларының ән, романстарын шебер орындайтынын атап өтті.
А.Бейсембеков біздің тамаша жерлес әртістер мен мәдениет қайраткерлері туралы кітаптар шығарғаны айтылып, шара соңында композитордың музыкалық шығарамаларының бірі орындалды.