USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қала әкімінің Новобоженова ауылы мен Шульбинск кентіне барған жұмыс сапары туралы

15 тамыз 2023, 16:01
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаз маусымында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру үшін Шульбинск кенті мен Новобоженово ауылына барды.
Қала әкімінің Новобоженова ауылы мен Шульбинск кентіне барған жұмыс сапары туралы

Қала басшысы өз кезегінде ауыл тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, олардың ұсыныс-тілегін тыңдады. Қала әкімі ең алдымен Шульбинск кентіне барып, ағымдағы жылы қолданысқа берілетін спорт нысанын  тексерді. Нұрбол Нұрсағатов Шульбинск кентінің әкіміне спорт нысанының барлық құрылғыларын сапалы орнатуды және мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шульбинскте әкімдік ғимаратының шатыры жөнделіп, қар ұстағыш қоршау орнатылды.

Шульбинск кентінен кейін қала басшысы Новобоженова ауылына барды. Бұл ауылдық округте ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Новобаженово, Клементьевка , Бұлақ ауылдарында ауылында балалар ойын алаңы мен футбол корды орнатылды. Ауыл тұрғындары Новобоженово ауылының тұрғындары қала әкіміне жайылымдық жердің тапшылығына шағымданды.

 “Қазіргі уақытта ауылдық округте 5000 гектар жайылымдық жер бар. Бұған қосымша бұрынғы «Қуаныш» коперативінен 939 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Сонымен қатар, «BA Agro Group» ЖШС 267 гектар жер қайтарылып алынады. Жайылымдық жерлер Новобаженова кентіндегі халықтың игілігне берілетін болады",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar