USD502.47EUR525.83RUB5.68

Жылыту маусымына дайындық қала әкімінің қатаң бақылауында

15 тамыз 2023, 15:57
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен және «Теплокоммунэнерго» МКК-мен бірлесіп 2023-2024 ж. жылыту маусымына дайындық мақсатында қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан объектілерді аралады. Жылыту маусымына дайындық шаралаары қала әкімінің қатаң бақылауында.
Жылыту маусымына дайындық қала әкімінің  қатаң бақылауында

Бүгінде Семей қаласындағы маңызды жылу магистральдары мен жылумен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Н. Нұрсағатов арнайы қаладағы: ЦТП-518, ЦТП 401, Ұранхаев және Шәкәрім даңғылындағы магистральдық жылу желісі мен "Орталық" қазандығына барып, жұмыс барысын бақылады. 

Әкім мердігер компания басшыларына осы жылдың жылыту маусымына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтауды және жұмыстарды сапалы орындауды тапсырды. 

"Жаз маусымының аяқталуына санаулы күндер қалды. Барлық нысандарда жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын мұқият назарда ұстау қажет. Өткен жылдағыдай олқылықтар орын алмауы тиіс",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі қазандықта да жұмыстың 80% аяқталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar