USD502.47EUR525.83RUB5.68

ЖАСТАРҒА ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕ

15 тамыз 2023, 15:47
️Ағымдағы жылдың 14 тамызында жастарға жеңілдетілген микрокредит беру үшін бизнес - жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
ЖАСТАРҒА ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕ

Күн тәртібінде 138,3 млн. теңгеге 30 бизнес – жоба қаралып, оның ішінде комиссия шешімімен 116,2 млн.теңгеге 25 жоба мақұлданды. 

Микрокредит мерзімі 5 жылдан аспайтын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге беріледі. 

Жыл басынан Абай облысы бойынша комиссия қарауына 182 өтінім түсіп, оның 152 жобасы мақұлданды. 

31 өтінімге микрокредит беруден бас тартылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar