
Жиынға Семей қаласы мәслихатының төрағасы Данияр Шәкәрімов пен Семей қаласы мәслихатының депутаты Шолпан Молдагалиева да қатысты.
"Сіз нәзік болмысыңызға қарамай, жанқияр ерлік көрсеттіңіз. Сізге алғыс айта отырып, отбасыңызға амандық толағай табыстар тілеймін",- деді Нұрбол Нұрсағатов.
Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні Затон ауданы аймағында отбасымен демалуға келген А. Садырбалина 2013 жылы дүниеге келген баланы суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған болатын.