
2020 жылдан бері Озерки ауылдық округінің басты мәселесі Талица - Семей бағытында автобус жоқтығы болатын. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың ақпан айындағы Талица ауылының тұрғындарымен өткен кездесуінде ауыл тұрғындары осы мәселені көтерген болатын.
Ағымдағы жылдың 11 тамызынан бастап қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен Талица-Семей бағыты бойынша маршрут жүргізілді. Бүгінгі таңда автобус кесте бойынша дүйсенбі, сәрсенбі және жұмада күніне екі рет қатынайды. Жол ақысы ауыл тұрғындары үшін қолжетімді.