
Кеш барысында Саха Республикасынан келген қонақ, дәстүрлі әнші, импровизатор Руслан Габышев арнайы өнер көрсетті.
«Cover show» байқауының басты қонағы - әнші, композитор «SuperStar KZ» байқауының финалисті, саксофоншы Ермек Меденов. Ермек Меденов тек қана өнерін көрсетіп қоймай, сарапшы ретінде байқаудың жеңімпазын анықтауға атсалысты.
Сондай-ақ көрермендер арасында Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығына байланысты викориналық сұрақтар ойыны ойнатылып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша «Феникс» музыкалық мектебі «Cover show» байқауының жеңімпаздары атанып, 300 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.