USD502.47EUR525.83RUB5.68

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14 тамыз 2023, 16:31
Кез келген қаланың экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуымен тығыз байланысты. Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар.
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Сондай қадірлі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екені баршамызға аян. Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық.

Құрылысшылар күні қарсаңында  қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен Семей қаласы мәслихатының депутаты Данияр Шәкәрімов құрылыс саласында аянбай еңбек етіп жүрген өз ісінің мамандарын марапаттап, алғыс хаттар мен «Құрмет грамотасын» табыстады.

Сонымен қатар, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Данияр Асқарұлы Мамирканов пен  Айбек Сагадиев Кенжебекұлы марапатталды.

Әкімдік ғимаратында өткен салтанатты шарада Нұрбол Төлегенұлы қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген құрлысшыларға толағай табыс, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қала ішінде 20 көпқабатты бюджеттік тұрғын үй және 28 коммерциялық үй салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан 17 көпқабатты тұрғын үйдің (487 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, соңғы жылдары әлеуметтік нысандарда қаламызда көптеп салынуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar