USD502.47EUR525.83RUB5.68

«ЖАСТАРМЕН БІРГЕ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

14 тамыз 2023, 16:27
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. 12 тамыз – Халықаралық жастар күні, сонымен қатар Семей қаласының жастар ресурстық орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен Арбатта «Жастармен бірге» мерекелік шарасы өтті.
«ЖАСТАРМЕН БІРГЕ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Шара барысында жастар ресурстық орталығында қызмет еткен және қызмет етіп жүрген белсенді жастар марапатталып,  естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар,  шара барысында қаламыздың белгілі мәдениет саласындағы өнерпаздар, жастар өнер көрсетіп, кеш барысында қала тұрғындарына лотореялық ойындар ойнатылып,  бағалы және қаржылай сыйлықтардың иелері анықталды.

Шара соңы жастарға арналған би кешімен жалғасты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar