USD502.47EUR525.83RUB5.68

Нұрбол Нұрсағатов жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысын тексерді

11 тамыз 2023, 17:14
Бүгін жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысын тексеру мақсатында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов көшпелі жиын өткізіп, жылу магистральдарын қайта жаңғырту пункттерін аралады. Оған тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі мен, «Теплокоммунэнерго» МКК мамандары, мердігер ұйымының өкілдері қатысты.
Нұрбол Нұрсағатов жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысын тексерді

Қала басшысы Гёте көшесі,121, Цементшілер кенті, 20, Шәкәрім даңғылы, 168, Уранхаев, Титов, Сорокин,  Физкультурная көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын қатаң қадағалады.
Сонымен қатар, Нұрбол Нұрсағатов  457 орталық жылу пунктін,  Әуезов даңғылында орналасқан  №1 жылу электр орталығын, 518 орталық жылу пунктін,  401 орталық жылу пунктіндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, мердігерлерге барлық жұмыстарды уақытында аяқтауды тапсырды. 
Жұмыстарды сапалы орындау үшін қалалық әкімдік қызметкерлері тұрақты мониторинг жүргізетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar