
Жүргізіліп жатқан жұмыстармен аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмас Тастенбеков танысып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиісті тапсырмалар берді.
Алмас Тастенбековтың айтуынша, жұмыстар «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Ауданда үш ауылда жөнделген жол шамамен үш шақырымды құрайды. Келер жылы басқа елді мекендердегі жолдарды жөндеу жоспарланып отыр.
Айта кетсек, «Ауыл – ел бесігі» жалпыұлттық жобасы аясында Жыланды, Қарабас, Өндіріс ауылдарының кіреберіс жолдарын орташа жөндеуге 251,8 миллион теңге бөлінген. Жақында Бесқарағай ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары басталады.