
Шара Семей қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
«Жағалау Fest» фестивалінің мақсаты әртүрлі бағыттағы дарынды адамдарды анықтау, өнерлі жастардың басын қосып, қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлау, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде ұрпақтар сабақтастығын сақтау.
«Жастарға ұнайды деп үміттенеміз. Фестивальді ұйымдастыру барысында біз қазіргі жастардың трендін басты назарға алдық. Талантты жастарды анықтау, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ жас дарындардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне қолдау негізгі мақсатымыз», - деп атап өтті жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ерсінбек Өрлеубек.
Шығармашыл жастар дәстүрлі, эстрадалық, классикалық және заманауи әндерді әуелете шырқап өнерге деген зор талабы мен талантын байқатты.