USD502.47EUR525.83RUB5.68

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

08 тамыз 2023, 16:25
Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов пен Семей қаласы мәслихатының төрағасы Данияр Шәкәрімовтің Чехов көшесі бойында тұратын тұрғындармен кезекті кездесуі өтті. Кездесуде Нұрбол Төлегенұлы 2023 жылы жүзеге асыруды көздеп отырған жоспарларды баяндады
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қала әкімі Семей қаласының облыс орталығы болуы -  әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және коммуналдық дамуына оң әсерін тигізуде екендігін де атап өтті.

Нұрбол Нұрсағатов Қосанов пен Торайғыров көшесіндегі қиылыста балаларға арналған ойын алаңы жабдықталатындығы туралы да хабардар етті. 

Кездесу барысында қала әкімі көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті екендігін, бәрі де ретімен жүзеге асатынын, жиында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама түзілетінің, алдағы уақытта жоспарлар құрылатынын айтып, жиынды қорытындылады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar