
Бүгін қала әкімі мердігер ұйымдарының басшыларымен Оборонная, Трусова, Силина, Красный Пильщик, Құтжанова көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, қала әкімі Бозтаев көшесі мен Иртышская көшесінде жүріп жатқан аула абаттандыру жұмыстарының барысын да қадағалады.
Ағымдағы жылы 70-ке жуық аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары көзделген. Қалада бірнеше тұрғын үй аулаларында құрылыс қарқыны бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, футбол алаңдары мен қоршаулар орнатылған.