
«Ескерткіштер мен мүсіндерді бұзып жатыр, реконструкция жасайтын көрінеді. Қысқасы, біздің хатымыз діттеген мекен-жайға жетпеген сияқты», — дейді куәгерлердің бірі Facebook парақшасында. Видеода Лениннің үш мүсінін әкетіп бара жатқаны көрінеді.
Куәгер тағы бір видеода Лениннің қирап жатқан ескерткішін көрсетіп, «мынаны жөндейтініне қатты күмәнданып тұрмын» дейді.
Әлеуметтік желі қолданушылардың көпшілігі бұл жаңалықты құптаған. Кейбірі «Жаңа Қазақстанда мұндай ескерткіштерге орын жоқ» деп жазған.