
Аталған шараға Абай облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының прокуроры, Семей қаласы прокуратурасының прокуроры, Әділет департаментінің, Әуезов, Затон және Орталық аудандардың пробация қызметтерінің, жергілікті полиция қызметінің, халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және білім беру бөлімінің және Мансап орталығының өкілдері қатысты.
Пробация қызметінде, жергілікті полиция қызметінің есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және әкімшілік қадағалау орнатылған сотталғандардың арасынан әлеуметтік – құқықтық көмекке мұқтаж 30-дан астам адамға тиісті қызметтер көрсетілді.