USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қала әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аула аумақтарын тексерді

24 шілде 2023, 16:47
Абай облысының орталығы Семей қаласында жоспарланған жұмыстарды уақытында тапсыру мақсатында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр күн сайын құрылыс жүріп жатқан аумақтарды тексеріп, жұмыс барысын қадағалайды.
Қала әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аула аумақтарын тексерді

Абай облысының орталығы Семей қаласында жоспарланған жұмыстарды уақытында тапсыру мақсатында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр күн сайын құрылыс жүріп жатқан аумақтарды тексеріп, жұмыс барысын қадағалайды.

Бүгін Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласындағы Жамақаев көшесін жаяу аралаудан бастады. Жоспарға сәйкес Жамақаев көшесінде қала тұрғындары демалып, серуендейтін жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған учаскеде қала тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Абаттандыру жаяу жүргіншілер аллеясын, балалар ойын және спорт алаңдарын, демалыс және фудкорт аймақтарын салуды көздейді. Мұнда қала тұрғындарының тыныш және белсенді демалысы үшін арнайы орындар жабдықталады. Ағаштар мен бұталарды отырғызу, сондай-ақ гүлзарларды жайластыру, МАФ-тарды, тақырыптық мүсіндерді, орындықтарды, теннис үстелдерін орнату, спортпен айналысуға арналған воркаут алаңдарын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта мұнда төсеніш төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі мердігер компания өкілдеріне құрылыс жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.

Бұдан кейін қала әкімі аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын тексерді. Ағымдағы жылы 70-ке жуық аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары көзделген. Қалада бірнеше тұрғын үй аулаларында құрылыс қарқыны бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, футбол алаңдары мен қоршаулар орнатылған. Ал кейбір құрылыс қарқынын баяу жүргізіп жатқан мердігерлерге қала әкімі ескертулер жасады.

"Семейде қыс ерте түседі. Күз маусымына қалдырмай, барлық жұмыстарды уақытылы аяқтау керек. Ең алдымен сапаға мән беріңіздер",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar