
Ағымдағы жылдың ақпан айында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Көкентау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде ауыл тұрғындары жолдың сапасыздығына шағымданған болатын.
Қыземшек ауылы тұрғындарының сұрауы бойынша, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың бастамасымен Көкентау округіндегі Қыземшек ауылына Семей-Қайнар тас жолынан кіреберіс 600 метрге жуық жол жөнделіп, асфальт төселді.
Осылайша ауыл тұрғындарының ауыл, қала аралық қатынасын қалпына келтіріп, ризашылықтарын алуда.