USD502.47EUR525.83RUB5.68

АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ

20 шілде 2023, 15:36
Шақаман ауылына футбол алаңы орнатылып, жарықтандыру жүргізілді.Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың ақпан айында Достық ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде Шақаман ауылының тұрғындары қала әкімінен футбол алаңын салып беруді сұрады. Нұрбол Нұрсағатов өз кезегінде ағымдағы жылы аталған жұмыстарға қаржы қарастырылғанын мәлімдеген болатын.
АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ

 Бүгінгі таңда Достық ауылдық округіндегі Шақаман ауылында футбол алаңын орнату жұмысы аяқталды.  Сондай-ақ  Шақаман ауылында күн энергиясымен жұмыс істейтін 11 көшені жарықтандыру жұмысы аяқталды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Семей қаласына қарасты ауылдардың инфрақұрылымдық әлеуетін жақсартуға қалалық бюджеттен былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп қаржы қарастырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar