USD502.47EUR525.83RUB5.68

СЕМЕЙДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

20 шілде 2023, 15:33
Қазіргі таңда Ертіс көшесінде асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмыстары жүргізілуде, Рысқұлов көшесінде тегістеу қабатын төсеу, Докучаева көшесінде борттық тастарды ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды. Чайковский көшесінде жалпы ұзындығы 1,2 км болатын қолданыстағы борттық тастарды ауыстыра отырып, жүріс бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
СЕМЕЙДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шугаев көшесінде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп қолданыстағы жол жиектері ауыстырылды және жаяу жүргіншілер жолдары қалпына келтірілді.

Берел мен Би Боранбай көшесіндегі жол айрықта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, Семей қаласының әртүрлі көшелерінде түрлі дәрежедегі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Айта кетейік, биыл Семейде 60 км болатын 40 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar