
- Стихиялық сауда халық үшін үлкен қауіп төндіретінін бәрі түсінуі керек, өйткені мұндай нүктелерде бар өнімдер сақтау мерзімі мен шарттарынсыз, растайтын құжаттарсыз сатылады, – деп атап өтті Айдар Альменов
Полиция қызметкерлері Чехов көшесінің екі жағынан аралап, саудагерлерге тауарларды жаяу жүргіншілер жолына шығаруға тыйым салынғанын хабарлады.
- Біз бүгін саудагерлерге тек түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көтерме базарда халық жол қауіпсіздігін мүлде сақтамайды. Егер саудагерлер тағыда заң бұзушылыққа барса, біз әкімшілік кодекстің 505- бабы бойынша шара қолданамыз,- деді Жергілікті полиция бөлімінің бастығының орынбасары Виталий Каверин.
Айта кетейік, Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі саудагерлерге арнайы саудамен айналыстын орындарды қарастырады.