
Қазақстандық павильонның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрап, өнеркәсіптің түрлі салаларынан 250 жетекші отандық компания орналасты.
⠀
Абай облысынан «СемАЗ» ЖШС, «Интеллект-Сервис» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС және «Боти» ЖК өндірушілерінің экспоненттері ұсынылды.
⠀
Премьер-Министр Ә.Смайылов атап өткендей, «Иннопром» Қазақстан, Ресей Федерациясы және ТМД елдерінің өнеркәсіптік кооперациясын нығайту үшін дәстүрлі іс-шараға айналды.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағында жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі Ресей елінің әлеуетті инвесторларымен кездесулер өткізілді.
⠀
Сонымен қатар, облысымыздың кәсіпорындары арасында «Интеллект-Сервис» ЖШС ресейлік серіктестермен интерактивті панельдерді жеткізуге және «Медиус» ЖШҚ дилерлік қызметін ұсынуға меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, біздің кәсіпорын «Олжакөл» ЖШС «Калининград вагон құрастыру зауыты» АҚ-мен думпкар өндірісін бірлесіп ұйымдастыруға келісім жасасты.
⠀