USD502.47EUR525.83RUB5.68

Жарма ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы екі елді мекенді қамтыды

19 шілде 2023, 17:12
«Ауыл – Ел бесігі» - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында табысты жұмыс жасап келе жатқан жоба.
Жарма ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы екі елді мекенді қамтыды

Қазіргі таңда Жарма ауданында осы жоба аясында Бірлік және Шалабай ауылдарында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, жобаға енгізілген Бірлік ауылындағы ұзындығы 1 шақырым Ғайнуллин көшесінің жолын орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Шалабай ауылындағы ұзындығы 1,5 шақырым  Шекембай көшесінің жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, Жарма ауданының «Қаражал - Бірлік» ауылдарына кіреберіс аудандық маңызы бар 9,4 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша конкурстың нәтижесіне сәйкес мердігер «Нұрлы жол-KZ» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, бірер күнен кейін жол жөндеу жұмыстары басталады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar