
Іс – шараның барысында кітапхана қызметкері «Бір ел-бір кітап» акциясының тарихы туралы айтып, биыл қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылғанын атап өтті.
Кітапхана қызметкері Т.Әбдік қазақ прозасында ерекше қолжазбасы бар автор екенін айтып, «Қайырсыз жұма», «Ақиқат», «Оң қол», «Қонақта», «Парасат майданы» шығармаларының қысқаша мазмұнына тоқталды, қатысушылар отандық әдебиеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін жазушыға берілген марапаттар туралы білді.
Іс-шараның тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.
Қалалық орталық кітапхана