USD502.47EUR525.83RUB5.68

Самокатпен жүру ережелері туралы

18 шілде 2023, 16:53
Электр самокат - бұл басқа екі доңғалақты көліктер сияқты мопедтерге теңестірілген қозғалыстың ерекше, жылдам және ыңғайлы тәсілі. Көліктің жаңа түрлерінің қозғалысын реттеу мәселесі бүгінде өте өзекті.
Самокатпен жүру ережелері туралы

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда "Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Электр самокат-екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышын (электр қозғалтқыштарын) пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конструктивтік жылдамдығы сағатына жиырма бес километрден аспайтын жеке ұтқырлық көлік құралы.

шағын электр көлігі құралы – электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен мопедтерді қоспағанда электр қозғалтқышпен жарақталған, жеке жүріп-тұруға арналған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы (гироскутерлер, сигвейлер, монодөңгеліктер, электр скейтбордтар және т. б.);

Тыйым салынған электр самокат жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері анықталады:

1) еңболмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;

2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауға;

3) тасымалдауға арналған арнайы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе жүргізуге кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;

4) трамвай жүретін жолдарда осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;

5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электрлік самокаттармен және велосипедтермен сүйретуге;

6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге;

7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін,басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп тұруға;

8) жолдың жүру бөлігінде жүргізген кезінде түймеленген шлемсіз болуға тыйым салынады.

Сонымен қатар, электр самокаттардың жүргізушілеріне велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүруге рұқсат етіледі. Велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болмаған кезде электр самокаттардың жүргізушілеріне жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда. Бұл ретте, он сегіз жасқа толмаған электр самокат жүргізушілерге өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда,  жол жиегімен, жаяу жүргіншілер жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километірден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге рұқсат етіледі.

Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттардың жүргізушілері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған жағдайда (мысалы, жолаушыларды тасымалдау кезінде)олар ӘҚБтК 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar