
Тұрғындар үнемі қалалық әкімдікке жер асты өткелдеріндегі жарықтың болмауына жиі шағымданады. Бірақ осындай бұзақылардың кесірінен электр сымдары жиі істен шығады. Қазіргі таңда Семей қаласының жергілікті полиция қызметі бұзақыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өткел ішіне видеокамералар қойылады.Семей қаласы еліміздің рухани орталығы болып саналады. Біз өз қаламыздың әрбір затын қызғыштай қорғап, оның дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.