USD502.47EUR525.83RUB5.68

Балалардың жазғы демалысына жағдай жасау – негізгі міндет

12 шілде 2023, 17:16
15 маусымнан бастап Алакөл жағалауындағы «Үржарайым» жазғы лагері жұмыс істей бастады. Оқу жылы аяқталған соң 11-14 жас аралығындағы 720 балаға (Үржар ауданынан 350 бала және басқа аудандардан 370 бала) тегін жазғы демалыс ұйымдастырылып жатыр. Сауықтыру маусымының ұзақтығы – 10 күн.
Балалардың жазғы демалысына жағдай жасау – негізгі міндет

120 балаға демалуға және сауықтыруға жергілікті бюджеттен тегін жолдама алса, 600 оқу үздіктері мен олимпиада және спорт жүлдегерлері тегін демалуға «Қазақстан халқына» қоры арқылы толықтай жағдай жасалды. Бүгінде аталған қор арқылы Ақсуат ауданынан – 60, Абай ауданынан – 40, Көкпекті ауданынан – 20, Аягөз ауданынан – 100 бала жазғы демалыс сауықтыру лагерінде демалып жатыр.
 
«Үржарайым» лагерінде демалыс кезінде балалар түрлі секциялар мен үйірмелерге белсенді түрде қатысады. Оқушылар үшін шығармашылық сабақтар, еңбек жасақтары, көгалдандыру бригадалары, спорт секциялары жұмыс істейді. Сонымен қатар зияткерлік тұрғыдан дамыту да қарастырылған. Балаларды салауатты өмір салтына баулу, эстетикалық, азаматтық-патриоттық, ұлттық және спорттық тәрбие бағыттарындағы сабақтарды жоспарлы түрде өткізетін арнайы педагог-қызметкерлер бар.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar