
2023 жылы жалпы ұзындығы 50 км болатын 40 көшеде жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Белгіленген кестеге сәйкес мердігерлік ұйымдар 10-нан аса көшеде жөндеу жұмыстарын аяқтады.
Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Құтжанов көшесіндегі тротуарды жөндеу жұмыстарын тексерді.
Жол жиектерін жөндеу жұмыстары қазіргі таңда Шугаев, Докучаев, Ыбраев, Құтжанов көшелерінде жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қаланың әр-түрлі аудандарындағы көшелерде жүргізілетін болады. Жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеуден өткізу кезінде жол жақтауларын (бордюрларды) ауыстыру жұмыстары қарастырылған.