
Оның жетістіктері бәріміз үшін мызғымас рух пен жеңіске деген ерік-жігердің лайықты үлгісі бола білді. Осыдан бір ай бұрын Ләззат қарындасымызға пәтер кілтін табыстағанмын. Оның өмірге деген құштарлығы, туған қаласына деген сүйіспеншілігі зор еді. Амал нешік, ажал ғайып бойжеткен шағында Ләззат қарындасымызды ортамыздан алып кетті.
Марқұмның отбасына, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын!