
Жалпы биылғы жылы Қараөлең ауылдық округінеде бірқатар жұмыстарды атқару жоспарланған. Жалпы, ауылдық округте тұрақты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай сақталуда.Қараөлең ауылдық округі бойынша 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы жалпы бюджет 21%-ға ұлғайып, барлығы 132,8 млн теңгені құрады."Қазіргі таңда Қайнар ауылындағы өрт сөндіру бекетінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, округ әкімдігі ғимаратының сол қанатының ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін қаржат бөлініп, жергілікті мердігерлер жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, биыл мәдениет үйі алдындағы аллеяны жаңарту жоспарланған. Жобаға сәйкес архитектуралық шағын нысандар, орындықтар, жарықтандырулар заман талабына сай қойылатын болады",- деді өз баяндамасында Нұрбол Нұрсағатов.Айта кетейік, кездесуден кейін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.