
Қала әкімі Абай облысының экология департаментінің мамандары кен орнында барып өлшемдер жүргізгендігін, кен орны экологиялық талаптарға сай жұмыс істеп жатқандығын жеткізді. Одан кейін қала әкімі 2022 жылы күрделі жөндеуден өткен ауылдық клуб үйіне барып, 2023 жылы атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, ауыл халқының сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, Алғабас ауылына ағымдағы жылы қалалық бюджеттен 90 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде нақты жобаларды жүзеге асыруға 52 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Алғабас ауылында спорт (account) алаңын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жұмыстың аяқталу мерзімі – тамыз айы.Сонымен қатар, қысқы спортты дамыту мақсатында әкімдік ғимараты алдынан мұз айдынын салу жұмыстары атқарылуда.Алғабас ауылының шетіндегі балалар саябағын заман талабына сай қоршау орнату үшін қаражат бөлініп, жұмыстарды «Еңбек-Семей» мердігер ұйымы атқаруда.
Сондай-ақ, Ауылдық әкімдік ғимаратын санитариялық торапты су құбыры кәрізін өткізу жоспарланды. Қазіргі таңда, конкрустың қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталды, жұмыстар шілде айының екінші жартысында басталады.