USD502.47EUR525.83RUB5.68

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

03 шілде 2023, 16:27
Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры қызметіне Думан Орынбеков тағайындалды. ЖОО жаңа басшысын ұжымға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев таныстырып, ректорлық қызметіне табыс тіледі.
ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Думан Рымғалиұлы – университет түлегі, техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары кафедрасының аға оқытушысы (2008-2011);

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы  (2011-2012);

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің басшысы (2012-2018);

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары (2019 жыл);

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылым және инновация департаментінің директоры (2019-2020);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасарының  м.а. (2020-2021);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары (2021-2022); 

2022 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar