
Сондай-ақ, 2023 жылға жалпы ұзындығы 50 км болатын 40 көшеде жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланды. Белгіленген кестеге сай мердігерлік ұйымдар 10-ға жуық көшені жөндеу жұмыстарын аяқтады.
Соның ішінде, Би-Боранбай көшесі, Стальский көшесі, Ертіс, Цветочная, Рысқұлов көшелерінің қиылысында жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, Шугаев пен Докучаев көшелерінде борттық тастарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Первомайская, Победа, Қорғаныс, Достық көшелерінде Профильді үзету және тегістеу қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.