USD502.47EUR525.83RUB5.68

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

03 шілде 2023, 16:14
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 343 квартал ауданындағы, 1 шағын ауданындағы, Шугаев 157а-157б, Дулатов 206-208, Чехов 90, Тельман 90 мекенжайындағы көп қабатты тұрғын үйлерінде жүргізіліп жатқан аула аумақтарының құрылыс жұмыстарын тексерді.
АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Нұрбол Нұрсағатов, мердігер ұйымдарға жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Қалалық әкімдік Семей қаласының абаттандырылуы, инфрақұрылымы мен аулалардың абаттандыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Биыл 180 тұрғын үйді қамтитын 70 аула аумағы күрдеулі жөндеуден өтеді.

Аула аумақтарын абаттандыру кезінде жылу трассаларының құбырлары мен су құбырларын ауыстыру, жарықтандыру, асфальт төсеу, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын орнату жұмыстары бірге жүргізіледі. Айта кетейік, қазіргі таңда қаланың әр-түрлі бөліктерінде 25 тұрғын үйдің ауласын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар құркүйек айында толығымен аяқталатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar