
Бүгінде Инженерлік-технологиялық факультет 15 бакалавр, 11 магистратура және 7 – PhD докторантура мамандықтары бойынша білікті мамандар даярлауда. Факультет түлектері Қазақстанның барлық аймақтарында өндіріс ошақтарында еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
1934 жылдан бастап Шәкәрім университеті мыңдаған студентті қабылдап, өз ұясынан неше мыңдаған шәкіртін тек Қазақ еліне ғана емес, бүкіл жер-жаһанға қанат қақтырды. Елімізде есімі ел тарихында қалатын талай ғалымдар мен қайраткерлер кешегі күні шаңырағымыздан қанат қаққан түлектер. Биылғы оқу жылында факультеттің 533 түлегі бітірді, оның ішінде үздік диплом алған - 97 түлек.
Болашақ мамандардың ендігі мақсаты университетте алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары маман болу. Салтанатты жиын барысында түлектер ән-жырдан шашу шашып, білім алған ордасына, ұстаздарына алғыстарын білдірді.