USD502.47EUR525.83RUB5.68

Семей қаласының әкімі Н.Т. Нұрсағатовтың қала тұрғындарымен есептік кездесуінде айтқан сөзінен үзінді:  

29 маусым 2023, 16:40
2023 жылы әлеуметтік осал топтағы 27 отбасыға пәтер кілттері берілді. Шілде айының соңына халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар  45 тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сондай - ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін Ұшақтар шағын ауданы мен Комсомол кентіндегі салынып жатқан 124 жеке тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Семей қаласының әкімі Н.Т. Нұрсағатовтың қала тұрғындарымен есептік кездесуінде айтқан сөзінен үзінді:  

Абай облысын дамытудың бекітілген кешенді жоспарына сәйкес «Омбы-Майқапшағай» тас жолынан  Энергетик ауданындағы «Северный» сауда логистикалық орталығына дейінгі жол құрылысын жасау қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер ұйыммен келісімшарт  жасалып,  жұмысты шілде айының ортасында бастауды жоспарлануда.
 
2023 жылдың басынан бастап қалалық автопарктер 36 автобус сатып алды, жыл соңына дейін тасымалдаушылар шағын класты 30 жаңа автобус сатып алуды жоспарлауда. Бұл шара маршруттық автобустардың жиілігін арттырып, қаладағы қоғамдық көлік мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік береді.
 
 Бүгінгі таңда қала аумағында контейнерлік алаңдарды жайластыру үшін, 200-ден астам  алаң жабдықталды.  2023 жылы Семей қаласының әкімдігі жаңа стандарттарға сәйкес келетін 1125 қоқыс контейнерін сатып алды. 965 контейнер қалаға жеткізіліп көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы қоқыс алаңдарына қойылды, қалған 160 қоқыс контейнері шіле айының бірінші он күндігінде қалаға жеткізіледі.
 
Жылыту маусымына дайындық аясында қазіргі уақытта 6 жылу көзінде жөндеу жұмыстарының жоспары бар. Олар ЖЭО-1, Орталық, Ғаббасов. 2 жылу қазандығына қосымша жылыту қазандықтары орнатылады.
 
 2023 жылға қаланың орталық бөлігінде және шеткері аумақтарында 80 көше көшені жарықтандыру жұмыстары жоспарланған. "Мектепке жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы білім беру мекемелеріне апаратын барлық көшелерде сыртқы жарықтандыру жүргізіледі. Бүгінгі таңда 6 көшеде жұмыстар аяқталды. 

 Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 2023 жылы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2 мектептің құрылысы басталады.  Бұл: "Қарағайлы" шағын ауданындағы 1200 орындық мектеп және Водный кентіндегі 600 орындық мектеп. Аталған мектептердің құрылысы "Самұрық-Қазына"АҚ қоры арқылы жүзеге асырылады. Нысандарды салу мерзімі-2023-2024 жылдар.
 
 Ағымдағы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау мақсатында қалада 25 орынға арналған дағдарыс орталығын ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта 35 квартал ауданында орналасқан Тері-венерологиялық диспансер ғимаратын осы орталыққа беру үшінф күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Қарағайлы шағын ауданында  нефрологиялық орталық пен емхана салу мақсатында ауданы 0,4906 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жүргізуге  дайындық жұмыстары басталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar