
Жалпы қалада 8 жер асты өткелі бар, биыл өткелдерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен өткелдер қалыпқа келтірілуде.
«Қаланың барлық жерасты өткелдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылуда.
Қаладағы 8 жер асты өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Аталған жер асты өткелдерінде ішкі және сыртқы әрлеу, сырлау, әктеу, жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бейнебақылау камералары орнатылады.Сондай-ақ, жер асты өткелдерінің қабырғалары ұлттық нақыштағы муралдармен безендірілетін болады» - деп атап өтті мердігер мекеменің өкілі Темірлан Жаманқұлов.