
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмыс сапарымен аталмыш ауданға барып, осы жұмыстардың ағымдағы жай-күйі мен жұмыс барысын бақылап қайтты.
Қазіргі уақытта Заря ауданындағы Тарбағатай, Молдағалиев, Лермонтов көшелерінде ескі үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні меншік иелерімен шарт жасалған 42 жер учаскесі, қалған 11 учаске шарт жасасу сатысында сатып алынды. Бұл шаралар 1200 орындық мектеп салуға бөлінетін 3 га аумақты босатуға мүмкіндік береді, бұл "Жаңа құрылыс" және "Океан аудандарындағы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді. Ғимарат "KAZ Minerals" ЖШС-мен жасалған меморандум аясында салынады.