
“Ағымдағы жылы білім мен әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерге басымдық берілді. Қаланың орталық және шеткері аумақтарындағы көшелерге мердігерлермен бірлесіп жарықтандырулар жүргізудеміз. Қала әкімі Нұрбол Төлегенұлының тапсырмасына сәйкес, әр күн сайын мердігерлердің жұмыстарын тексеріп отырамыз", -деді ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары А. Тоқпақов. Сондай-ақ, қалада істен шыққан жарықшамдарға ішінара ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңадан 400-ге жуық жарықтандыру бағаналары орнатылды. Ескірген жарық шамдары айырбасталып, заманауи диодты шамдар орнатылуда.
Айта кетейік, биыл "Мектепке жол” бағдарламасы аясында қаладағы білім ордаларына баратын барлық көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мектепке апаратын 6 көшеге жарықтандырулар жүргізілді.