USD502.47EUR525.83RUB5.68

«Елімай» футбол клубының эмблемасы бейнеленген жаңа мурал салынды

26 маусым 2023, 17:18
Семейде көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында қабырға суреттері салынуда. Ежелден футболдың отаны саналатын Семей қаласында 408 квартал 15 үйдің қабырғасына “Елімай” футбол клубының эмблемасы салынды
«Елімай» футбол клубының эмблемасы бейнеленген жаңа  мурал салынды

Сондай-ақ, сәндік муралдар Шәйжүнісов 152, Мәңгілік ел 10 мекенжайындағы тұрғын үй қасбеттерінде салынды. 

Бұл аудандарда Семейдің келбетін бейнелейтін сурет пен Ұлы Абайдың суреттері салынуда.

Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың мәліметінше ағымдағы жылы дәл осындай бірнеше Муралдар пайда болады. 

Айта кетейік, мурал– бұл өте ірі көлемді өнер туындысы, көбінесе, қабырға бетіне салынған сурет немесе үлкен граффити. "Мурал" сөзі ағылшын тілінен аударғанда – "қабырғадағы сурет" деген мағынаны білдіреді. Мурал-арт суреттері кез-келген жерге бояу жағып кету, ретсіз сурет салу емес, бұл - биік ғимараттардың қабырғаларына жергілікті биліктің арнайы рұқсатымен сурет салуды көздеген заманауи көше өнері.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar