USD502.47EUR525.83RUB5.68

ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛЕУІ

13 маусым 2023, 16:31
Қазіргі уақытта Бұлақ, Талица, Половинки елді мекендері эвакуацияланды (463 адам). Көшіру орындарында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Тұрғындар Семей қаласы мен Бородулиха ауылының эвакуациялық пункттерінде оорналастырылды. Өрт сөндіруге тартылған және эвакуацияланған азаматтар үшін азық-түлік жеткізілуде. Қазіргі уақытта өрт салдарынан 3 үй, 2 бірлік техника өртенді, иіс тиіп уланған орманшылықтың 2 қызметкерінің жағдайы жақсаруда, тракторшы Д. К. Қанафин жалпы палатаға ауыстырылды, С. М. Бақанасов үйіне жіберілді. Жоғалған тракторшы С. Архиповты іздеу жалғасуда. Полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛЕУІ

Болатбек ДОСХАН, Абай облысының тұрғыны

Әуелде ауылымызға өрт жетпейтіндей көрдік. Дегенмен,өрттің улы иісі дереу жетіп келді.Қою қап-қара түтіні бүкіл ауылымызды басып кетті.Үлкен қорқыныш туды.Күндіз болсада, түн сияқты көрінді. Үйімізде  свет жағып отырдық. Жас балалар мен қарттарымыз бар. Дереу, бізді көшірді. Ондағы мақсат уланып қалмаудын алдын алу еді. Ендігі тілегіміз, облысымыздағы тілсіз жау тезірек құрықталып қалыпқа келсе екен.

Юлия ШЕВЧЕНКО, Талица ауылының тұрғыны

Өзім алты баланың анасымын.Қаламыздағы колледж жатақханасына түнгі сағат 2.00-де орналастырылдық.Барын салып, барлық адамдарды күтіп жатыр.Тағамдар, сусын сондай-ақ жатын орындармен қамтамасыз етті. Осындағы қызметкерлерге алғысымызды білдіремін.Дегенмен, үйімізді уайымдап отырмыз. Ауыл-аймақтан хабар алудың өзі мұң болды. Бүкіл техника, жабдықтар, 3 мотоцикл  ауылда қалды. Тезірек елге аман-есен оралсақ екен. Үйімізге қайтсақ екен.

Бақытгүл БҰЛЫБАЕВА, ауыл тұрғыны

Біз 10 күні сағат 10-ға таман келдік. Күндізден бастап,ауылда өрт сөндіруші қызметкерлер арасында кезекші қызметкерлері болды. Сол аралықта бізге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ең әуелі, құжаттарымызды және маңызды дүниелерімізді буып-түйіп дайын отыруымыз ескертілді. Ақпарат көздерінен естіп жатырмыз. Әрбір аудандар, жеке кәсіпкерлер сусындар мен тағамдарға көмек көрсетілу үстінде.Елім-жерім деп қол ұшын созып жатқан азаматтарға алғысымыз шексіз. Елдегі өрт бәсеңсіп өз шаңырағымызға оралсақ деп отырған жәйіміз бар.

Биғайша ЕСЕКЕЕВА, Бұлақ ауылының тұрғыны

Осы отырғанның өзінде жүрегім күпті болып отырмын.Өрт ауылға келе жатыр деген сыбыс жетті. Иіс тиюі мүмкін деді. Құжаттарымызды ғана алып үлгердік. Малымыз бен үйіміз бәрі қалды. Малдан қарағанда адамның жаны қымбат.Бұрын сонды бұндай сұмдық оқиға  аймағымызда болмаған еді. Ең бастысы өрт ауылдың ішіне кірмеді. Бірақ, демікпесі мен қан қысымы бар кісілер тұншыға бастады. Жүкті әйелдер мен балаларды бірінші көшіріп, артында қарияларды сосын орта жастағыларды көшірді.Ауылда тек ауылдың ер-азаматтары қалды.Тек көмек ретінде, және үй-жайларды барлау мақсатында үлес қоспақ.

Назым ОСПАНОВА,Успен ауылының тұрғыны

Ең алдымен қаншама адам қайтыс болып кетті.Сол батыр азаматтарымыздың жандары жәннәтта болсын деп тілеймін. Өзімнің танитын адамдарым да бар. Қайғы.Ел үшін қасірет. Танитын адамдарымыз өмірден өтті дегенде сене алмадым. Өртке жақын аймақта орналасқан елдерді иіс тимеу үшін әртүрлі пунктерге орналастырылды. Бізде сол күні түнінде келдік. Әр өңірден келіп жатқан көмекті жұртшылық сезініп жатыр! Халық бірлігінің күші мен биліктің қауқары бұл — апаттың ауыр жүгін жеңілдетіп, ендігі туатын қауіпті қатаң бақылауға алғанда ғана қайта бұндай зардаптан арыламыз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar